Президент Бектеновке Үкіметтің экономикалық бағдарламасын іске асыруға қатысты тапсырма берді

Президент Бектеновке Үкіметтің экономикалық бағдарламасын іске асыруға қатысты тапсырма берді
Фото: Ақорда
(0 Votes)

АCТАНА. KAZINFORM – Президент Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды.

Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы Жалпы дебатта еліміздегі саяси реформалар жөнінде мәлімет берді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT