Жыл соңына дейін 70 отбасы жаңа пәтерге көшіріледі

Жыл соңына дейін 70 отбасы жаңа пәтерге көшіріледі
фото: https://qaz.ulysmedia.kz
(0 Votes)

Атырауда тозығы жеткен және апатты жағдайдағы көппәтерлі тұрғын үйлер жаңартылып, онда тұрған тұрғындар жаңа баспаналарға көшірілуде.

Жағдайы сын көтермейтін, 50-60 жылдары салынған ескі үйлер – қала қауіпсіздігіне де, тұрғындар денсаулығына да қатер төндіріп келді. Көп жағдайда бұл үйлерде санитарлық талаптар сақталмайтын, тіпті жәндіктерден көз ашпаған.

Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүгінде ресми түрде 93 апатты үй тіркелген. 2023 жылдан бері қалада апатты 12 үйдің тұрғындары жаңа үйлерге көшірілді. Ал биылдың өзінде 100-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлады. Жаңа пәтерлердің басым бөлігі Нұрсая ықшам ауданындағы "Ақмаржан" тұрғын үй кешенінен берілген. Реновация бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асып, жыл соңына дейін тағы 70 отбасы жаңа пәтерге көшірілмек.

Жаңа тұрғын үй кешендері тек жайлы пәтерлермен емес, толық инфрақұрылыммен жабдықталған. Балаларға алаң, ересектерге демалыс орындары, қауіпсіз аула – бәрі қарастырылған.

Атырауда апатты және тозығы жеткен үйлер мәселесі – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекет пен жеке сектордың бірлесуі арқылы жалғасын таба бермек.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT