Қай елде қандай жағдай болмасын, ұрпақ саулығы қашан да алдыңғы орында. Соңғы уақытта әлемде орын алып жатқан жағдайларға байланысты елімізде барлық оқу орындары қашықтан оқытуға көшіп, оқушылар жағы ертерек демалысқа шыққаны белгілі. Бұл ретте тек балабақшалар ғана өз жұмысын әрі қарай жалғастыруда.
Осы тұста ауданымыздағы балабақшалардың меңгерушілеріне де хабарласып, олардың белгіленген нұсқауға сай қаншалықты жұмыс атқарып жатқанын білдік.
"Болашақ" балабақшасының меңгерушісі Нұргүл Амангелдіқызының айтуынша, балабақшада әрбір екі сағат сайын дизенфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Осы мезгіл ішінде терезелер арқылы іштің ауасы жаңартылып, талапқа сай тазалық жұмыстары жіті бақылаумен жүзеге асып жатыр. Бір айта кетерлігі, бүлдіршіндерді балабақшаға апару-апармау ата-аналардың өз құқығында болғандықтан, соңғы кездері келушілердің саны күрт азайды дейді балабақша меңгерушісі.
А.Нуриахмет
Сурет: ашық дереккөз