Балабақшада семинар өтті

(0 Votes)

Доссор кентінде орналасқан  «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасында «Жаңарту бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру саласында» тақырыбында балабақшаішілік семинар ұйымдастырылды.

Семинарда педагогтардың жаңартылған бағдарламасы бойынша теориялық әдістемелік білімін жаңғырту, тәжірибе алмасу, тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруды мақсат етілді. Семинар теориялық және тәжірибелік бағыты бойынша өткізілді.

karlgash

Алғашқы теориялық бөлімде балабақшаның саз жетекшісі Лаура Елешева және тәрбиеші Қалықыз Сәрсенбаева тақырыпқа сай жаңа әдіс-тәсілдерді таныстырды.

Ақмарал Асқабылова «Целое и части. Составляю фигуры из частей» тақырыбында қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру бойынша  түсіндіріп өтті. Ортаңғы «Толағай» тобында Жатимова Нүргүл «Көліктер» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.

karylgash-1

Семинарды  балабақша меңгерушісі Бақтыгүл Есенова қорытындылады

 

Д.Бекмұратова,

әдіскер

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521