Бағытжанның батырлығы бәрімізге үлгі

(0 Votes)

Қалыбай Бағытжан Ғалымжанұлы Отанға деген сүйіспеншілігімен батыл да, қайсар жас сарбаз Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуге аттанған.

Ол елге санаулы күндер қалғанда 2015 жылы 18 қыркүйекте Маңғыстау облысы Каспий теңізінің жағалауында «Орталық-2015» оқу жаттығу барысында қасындағы жауынгерлерді судан құтқару кезінде ерлікпен қаза тапты.

Қалыбай Бағытжан -мектебіміздің аяулы түлегі. Ата-анасының үміт күткен ұлы, елінің қорған болар азаматы еді. Қайран, сарбаз арамыздан ерте кетті. Тірі болғанда, Бағытжан 23 жасқа толар еді. Кейінгі жас ұрпақ санасында жаңғырып, жүректерінде ерлігін мәңгі ұялату, патриоттық сезімдерін ояту, жас сарбазды еске алу мақсатында мектебімізде «Ерлігі ел есінде» тақырыбында апталық болып өтті. Апталықтың жоспары бойынша бастауыш сыныптарға мектепте жасақталған Бағытжанның монументіне саяхат жасап, ерлігімен таныстыру болды.

5-7 сынып оқушылары жүрекжарды тебіреністерін эсселер мен арнаулар жазып, бейбіт күннің батырын еске алды. 9-11 сыныптар Бағытжанның отбасымен бірлесіп, волейболдан турнир өткізді. Турнирге округ әкімі Дулат Тастаев, Бағытжанның сынып жетекшісі Э.Үсенова және ата-анасы мен құрдастары қатысты. Волейбол тартысты да, қызықты өтті. Жарыс нәтижесі бойынша ұлдар арасында «Үздік ойыншы» Ермекқалиев Нұрасыл, қыздар арасында Дузелбаева Қарлығаш аталса, ІІІ орынмен «Жас қыран» командасы, ІІ орынмен «Достар» командасы марапатталды. Ал, І орын және Бағытжан Ғалымжанұлы атындағы ауыспалы кубокке «Құрдастар» командасы қол жеткізді.

Апта соңында 8-сынып оқушылары Бағытжанның өмірі туралы әсерлі видеороликтерін ұсынып, монументіне гүл шоқтарын қойды. Бағытжанға арналған шығармашылық жұмыстарды саралай келе, «Үздік эссе» жазған Ислам Перизат, «Үздік арнау» арнаған Тасбулатова Құралай ерекше көзге түсіп, отбасының дайындаған дипломдарымен марапатталды.

Жас ұрпақтың бойында Отанға, туған жерге, елге деген патриоттық сезімді ұялату мақсатындағы тәрбиелік шаралар жалғасын таба бермек.

С.ТӨЛЕУБАЕВА,

Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521