Ақсақал жол көрсетсе, жастар адаспайды

(0 Votes)

Өткен аптада Доссор кенті ақсақалдар алқасының мүшелері ауданның теолог маманы Шүкіриддин Темірқұлұлымен кездесті.

Кеш барысында дін төңірегінде әңгіме өрбіді. Теолог көпшілікке сабыр мен шүкір ұғымдары туралы Құран аяттары, хадистер және ата-бабалардан қалған маржан ойларды жеткізді. Теріс ағымда жүрген жандардың іс-әрекеттері мен оларды тану жолдарын таныстырды.

Жаназаның ас мәзірін ысырапшылдыққа бой алдырмай дайындау керектігін айтып, халыққа насихаттауға үндеді. Ақсақалдар өздерін мазалаған сұрақтарын жаудырып, маман жауап берді.

Мұсылман адамның бойындағы күш-жігері мен білімін әлсізге әлімжеттік жасау үшін емес, жақсылыққа, игі мақсатқа жұмсауы керектігі жөніндегі ислам ғұламаларының ой-пікірлерін, ғибратты әңгімелерді алға тартты.

Кеш соңында ақсақалдар маманға мектеп оқушылармен кездесуге бірге барып, бірге жұмыстануға шақырды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521