«Қазақ баласы осындай»

(0 Votes)

Басына не келіп, не кетпеген ер-жігіттер әрқашан да елдің қорғаны, шаңырақтың иесі, ағайынның арқа-сүйері болған.

Қандай қиындық келсе де, қасқайып қарсы тұрып, ар-намысын аяққа таптатпай, дегеніне жеткенінше тынбай талаптанған. Ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, өнерге, білімге, салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелеу мақсатында О.Сарғұнанов орта мектеп базасында 21-і қараша күні «Қазақ баласы осындай» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында аудандық байқау өтті.

Ұлдардың ептілігін, шығармашылық қабілетін ашатын сайысқа Б.Қанатбаев орта мектебінің оқушысы Жолдас Ақылбек, Х.Санбаев орта мектебінің оқушысы Бисенбаев Дәулет, О.Сарғұнанов орта мектебінің оқушысы Аралов Нұрдәулет, Л.Шахатов орта мектебінің оқушысы Көшербаев Нұртас, А.Құнанбаев орта мектебінің оқушысы Құмарғалиев Әли, М.Баймұханов орта мектебінің оқушысы Жұмақұлов Қайырбек, Бәйге-төбе мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Оңайбаев Нариман қатысты.

Олар бес кезең бойынша сынға түсіп, өздерінің мықтылығын таныта білді. «Жігітке жеті өнер де аз...» демекші, сайыскерлер газеттен қолөнер бұйымын жасаса, бірі гитарамен ән айтып, көркем сөз оқып, би биледі. Мал сою, қамшы өру секілді ұлттық дәстүрді дәріптеген ұлдар пневматикалық мылтықпен нысанаға оқ атып, мергендіктерін танытты. Білімді, епті, тапқыр, өнерпаз ұлдар сайыста барын салды.

Бірі өнерімен тәнті етсе, екіншісі мергендік тұрғысында басымдау болды. Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Индира Жұмабаева бастаған білім беру бөлімінің тәжірибелі мамандары мен білікті ұстаздар байқауға төрелік жасап, жігіттің сұлтанын саралады. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені М.Баймұханов орта мектебінің оқушысы Жұмақұлов Қайырбек иеленді.

І орынға Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешені оқушысы Оңайбаев Нариман лайық өнер көрсетсе, ІІ орынға О.Сарғұнанов орта мектебінің оқушысы Аралов Нұрдәулет ие болды. ІІІ орынмен Л.Шахатов орта мектебінің оқушысы Көшербаев Нұртас марапатталды. А.Құнанбаев орта мектебінің оқушысы Құмарғалиев Әли Алғыс хатпен марапатталды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521