Аяз ата тілектерді орындады

(0 Votes)

Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Атырау облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету бойынша» аудандық бөлімінде «Тілектер шыршасы» орнатылды.

 Онда аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалардың арман-тілектері жазылған хаттар ілінген болатын.

Бір аптадан кейін аудандық бөлімнің залында ертеңгілік кеш ұйымдастырылып, балалар мен олардың ата-аналары Аяз атамен, Ақшақармен бірге жаңа жылды қарсы алуға және көптен күткен сыйлықтарын алуға жиналды. Шыршаға 6 бүлдіршіннің тілек хаты ілінген, онда балалардың Аяз атадан сұрап жатқан сыйлықтары да әртүрлі. Бірі, қуыршақты қаласа, бірі пультпен басқарылатын машинаны сұрап жазған. Жеке кәсіпкер Нұраш Абилова демеушілік жасап, балалардың армандарын орындап, бүлдіршіндерді шат-шадыман әсерге бөледі.

Шара барысында бөлім қызметкерлері бүлдіршіндермен бірге би билеп, ойын ойнап, Аяз атаға өз өнерлерін көрсетті.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов ұйымдастырылған шараға ризашылығын білдіріп, табыс пен жетістіктер тіледі. Қайырымдылық шараға белсене араласып, демеушілік жасаған кәсіпкерге «Халыққа қызмет көрсету бойынша» аудандық бөлімінің атынан «Алғыс хат» табыс етті.

Одан әрі бөлім басшысы Э.Утебаева мен қызметкерлерімен бірге денсаулығына байланысты мерекелік шараға қатыса алмаған мүмкіндігі шектеулі баланың үйіне барып, жаңа жылға арнайы дайындаған тәттілерімен қатар, отбасына ескерткіш сыйлықтарын табыс етіп, сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521