Ауыл азаматтары алғысқа бөленді

(0 Votes)

Аудан әкімі ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімі Шәкір Кейкин 9 ақпанда мұнараны бұзуға өз еркімен көмектескен ауыл азаматтарына алғысын білдірді.

Естеріңізде болса, талай жылғы кенттің қызығы мен шыжығына куә болған бұрынғы жылу орталығының мұнарасы жаңа нысандардың бой көтерілуіне байланысты бұзылған болатын. Осы орайда жұмысшы топтың әрекетін қызықтап қарап тұрмай, түнгі ұйқысын қиып, қол ұшын берген Мейрамбек Нұрмұханов, Руслан Ташев, Манарбек Дошекенов, Аслан Қалиев секілді ауыл азаматтары арнайы алғыс хатпен марапатталды.

munara-1

Мақат кентінің архитектуралық сәулет-келбетін қалыптастыру мақсатында, халық игілігі үшін атқарылып жатырған ортақ іске қолдау көрсетіп, өз ауылының қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны үшін алғысын  білдірген Шәкір Кейкинұлы : «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бірлесіп жасаған жұмыстың нәтижесі келер жас ұрпаққа үлгі. Осындай азаматтық іс жасау - адамгершілігі жоғары, рухани әлемі бай, жан дүниесі таза адамдардың қолынан келетін іс. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін" деп ізгі тілегін жеткізді. Өз кезегінде ауыл азаматтары да қолынан келгенінше аянып қалмайтынын айтты.

 

А.САДЫКОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT