Аудандық мәслихатта – жаңа төраға

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында VIII шақырылған аудандық мәслихаттың І сессиясы болып өтті.

Алғашқы сессия жұмысына аудан әкімі Ринат Ибрагимов қатысып, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рахман Мақсотов жүргізді. Алдымен 2023 жылғы 19 наурызда өткен аудандық мәслихатының депутаттарын сайлаудың қорытындысын хабарлаған сайлау комиссиясының төрағасы халық қалаулысы атанғандарға депутаттық мандат пен куәлік табыстады.

Одан кейін аудан әкімі Ринат Ибрагимов аудандық мәслихат депутаттарының жаңа құрамына сәттілік тілеп, алдыңғы VII шақырылымда осы қызметті атқарған халық қалаулыларына ризашылығын білдіріп, облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Сондай-ақ, сессия барысында VIII шақырылған аудандық мәслихатының төрағасын сайлау рәсімі болды. Бұл лауазымға депутат Серік Абдиев Азамат Шаңғалаевтың, депутат Нұрпейіс Жоламанов Әсел Қаржауованың кандидатурасын ұсынды. Ашық дауыс беру тәсілімен өткен сайлауда №6 сайлау округі бойынша депутат Азамат Шаңғалаев басым дауысқа ие болды. Осылайша ол аудандық мәслихат төрағасы болып сайланды. Өз кезегінде Азамат Жәмшебайұлы өзін қолдап сенім білдірген депутаттарға алғысын жеткізіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына аянбай қызмет ететінін айтты.

Ал осыған дейін жұмыс жасап келген депутаттар және ауданның өкілді органы VII шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы болған Қуаныш Исмағұловты атқарушы билікпен бірлесе отырып, аудан экономикасын арттыру бағытында абыройлы істер атқарғаны үшін алғыс айтып, облыстық мәслихат депутаты атануымен құттықтады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521