25-28 қаңтар аралығында аудан көлемінде Атырау облысы ішкі істер департаментінің нұсқауына сай «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталған іс-шара кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алуды мақсат етеді.
Жедел профилактикалық іс-шара барысында полиция бөлімінің жеке құрамының барлық қызметкерлері жұмылдырылып, аудан көлеміндегі жұмылдырылған күштер белгілі бір бағытта бөлініп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау үшін олардың алдын алу мақсатында рейдтер ұйымдастырылуда. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың бейтаныс адамдармен мінез-құлық және демалыс орындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орындарында болуға және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.
М.Бисенбаева,
Мақат АПБ ЖПҚб ЮПТ КТІЖ инспекторы полиция капитаны