Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты аудандағы орталық емханалар карантинге жабылып, ем-дом алуға келген тұрғындарды қабылдауға мүмкіндік болмауда.
Осыған орай аудан тұрғындарына қолайлы жағдай туғызып, дәрігерлердің берген ем-домдарын (екпе, система салу, дене қызуын өлшеу және т.б.) уақтылы қабылдау мақсатында күнделікті сағат 09:00 – 18:30 аралығында (түскі үзіліс 13:00-14:30) келесідей процедуралық кабинеттер жұмысын бастады.
Атап айтсақ:
1) Мақат аудандық ауруханасының жанындағы процедуралық кабинет;
2) Мақат кенті, Парасат көшесі-113 ғимаратында орналасқан екпе бөлмесі (ескі Мақаттағы «Нұрбөбек» балабақшасына қарсы);
3) Доссор кентіндегі С.Шарипов атындағы мектеп интернатының 1-қабатындағы медициналық қабинет.
Мақат ауданы әкімдігі
Суцрет: ашық дереккөз