ҰБТ нәтижесінде ілгерілеушілік бар

(0 Votes)

Аудан бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы 57-ні құрады. Бұл облыс бойынша, екінші көрсеткіш болып отыр.

Олай болса, оқушылардың білім дәрежесі, ата-аналардың қамқорлығы, мұғалімдердің еңбегін танытар сынақтан ауданның білім саласы озық танылып отырғаны баршамыз үшін жетістік.

Мектепті үздік бағамен тәмамдаған 14 оқушының 10-ы «Алтын белгі» атағын сақтап қалған. Ал үздік аттестат иегері атанған 9 түлектің 6-ы шекті балдан асып түсірген.
Биылғы көрсеткіш әрине өткен жылғыдан жоғары болып отыр.

Ұлттық сынаққа биыл 220 оқушы қатысты. Оның 177-сі қазақ тілін, 43 оқушы – орыс тілін таңдады.

Бұл жылы ҰБТ форматына өзгеріс енгізілген жоқ. Түлектер 5 пәннен тест тапсырса, тапсырма саны – 120-ны құрады, максималды балл - 140. Шектік деңгей балы – 50.

Осы көрсеткіш бойынша ауданда жиналған ең жоғары балл - 122 болса, ең төменгі нәтиже - 16 балл болды.

Биылғы мектеп бітірген түлектер үшін жоғары оқу орындарына түсуге мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық көрсету жоспарлануда.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521