АУДАНДА ПОШТА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

АУДАНДА ПОШТА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
(0 Votes)

Бүгін аудан әкімнің орынбасары Әсел Қаржауова 9 қазан — Дүниежүзілік пошташылар күніне орай сала мамандарын қабылдады.

Қабылдау барысында аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы халықпен тікелей байланыс жасап, түрлі хат-хабарларды, сәлемдемелер мен маңызды құжаттарды уақытылы әрі сапалы жеткізіп жүрген пошта қызметкерлерінің еңбегі құрметке лайық екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, пошта саласына сіңіріп жатқан адал еңбектеріне ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің арнайы алғыс хатын табыс етті.

 

Ә.ҚАСЫМ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT