Бүгін аудандық мәдениет үйінде Мемлекеттік сатып алу заңнамасына енген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты жиын өтті.
Жиынды Мақат ауданы әкімі аппаратының басшысы Бекбол Әбуов жүргізіп, оған облыстық Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кабиева мен аталған мекеменің өкілдері және кент, округ әкімдері, бөлім басшылары мен есепші мамандар қатысты.
Кездесу барысында облыстық Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Салтанат Бекболатқызы мемлекеттік сатып алу заңнамасына енген өзгерістер мен толықтырулар туралы, жаңа заңның негізгі мақсаттары мен мемлекеттік сатып алу процесстерін және мемлекеттік сатып алудағы жаңашылдықтар төңірегінде баяндама жасады.
Жиын барысында айтылған өзгерістерге қатысты қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптар берілді.
Ә.ҚАСЫМ