Аудан оқушыларын заң академиясына оқуға шақырды

(0 Votes)

24 ақпан күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ә.Байдосов ауданның 10-11 сынып оқушыларымен кездесіп, Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң академиясына оқуға түсу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Аталған кездесуге аудандық полиция бөлімі бастығы А.Ізмағанбетов және аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин қатысты.


Жиында оқушылар назарына аталмыш заң академиясындағы «Сотқа дейінгі тергеу» және «Жедел криминалистика» мамандықтарын таныстырып, сонымен қатар, құжаттарды қабылдау тәртібі мен оқуға түсу кезеңдері туралы ақпараттармен бөлісті.

c672dc61-3e66-47bb-a60b-5adf5842a70a
Кездесу барысында өзі осы салада қызмет атқарған аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин ішкі істер органдарында қызмет етудің тиімді жақтарын айтып өтті. Сонымен қатар, оқушылар өз кезегінде сұрақтарын қойып, заң академиясына қалай оқуға түсуге болатындығын және оқу шарттары туралы сұрастырып, қызығушылықтарын танытты. Сондай-ақ, Қарағанды заң академиясына оқуға түсуге қызығушылық білдірген түлектерге аудандық полиция бөлімінінің кадр қызметкеріне өтініштерін білдіруге болатындығы айтылып жеткізілді.

Ә.ҚАСЫМ
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT