Өңірде коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылардың саны өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 414 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 262 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 48 науқас анықталды. Ал, 52 - Жылыой ауданында, 12 - Индер ауданында, 8 - Исатай ауданында, 15 - Қызылқоға ауданында, 5 - Құрманғазы ауданында, 4 - Мақат ауданында, 8 науқас - Махамбет ауданында анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 280 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 134 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 179 адам емделді.
Қазір 6 788 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 55, модульдік ауруханада - 165, фтизиопульманологиялық орталықта - 57 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 70. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 15 науқас ем алуда.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.