АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

(0 Votes)

Бүгін аудан әкімі Азамат Саматұлы алғашқы жұмыс күнін ауданымыздың қазыналы қарттарымен кездесуден бастады.

Кездесуге аудан ардагерлері, кент, округ әкімдері мен мәслихат төрағасы қатысты. Кездесу барысында аудандық ардегерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов бастаған ақсақалдар аудан әкімін жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, ардагерлер өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Соның ішінде аудан ішінде жол, тұрғын-үй мәселелері, азық-түлік бағасын түсіру, жұмыссдық, тазалық мәселелерін көтерді. Одан бөлек, қалаға көлікпен қатынап жұмыс жасайтын аудан азаматтарының қауіпсіздігін алдын алу мақсатында Мақат-Атырау арасында жұмысшыларды таситын вагон қосу туралы ұсыныстарын білдірді.

Өз кезегінде аудан басшысы ақсақалдардың тілегіне рахметін айтып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаратындығын жеткізді.

Айтылған-ұсыныс тілектер ескерусіз қалмайтындығын және барлығы заң аясында жүргізілетіндігін айтты.

Ә.Қасым

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT