Бүгін облысқа қарасты аудандар арасында Мақат ауданы әкімі Шәкір Кейкин алғашқылардың бірі болып 2020 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы атқарылатын міндеттер туралы есебін беруде.
Есеп беру жиыны онлайн режимде өтіп, «Atyraý» теларнасы және аудан әкімдігінің әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфир эфирде көрсетілуде. Дәстүрлі есеп беру жиынына қатысуға арнайы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов келді.
Аудан әкімі Шәкір Кейкінұлы өз баяндамасын пандемия кезінде аянбай қызмет еткен азаматтарға алғысын білдіріп бастады. Аудан әкімінің сөзінше бүгінгі күнге дейін COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 314 жағдай тіркеліп, 307 адам емделіп, 5 адам қайтыс болған. "Қазіргі таңда 2 адам ем қабылдауда. Бүгінгі таңда вирусқа қарсы күресуге дәрі –дәрмек қоры, дезинфекциялық құралдар мен антисептиктер, жеке қорғаныш құралдары жеткілікті. Қазіргі уақытта оттегі беретін аппарат 63 дана, өкпені жасанды тыныс алдыру (ИВЛ) аппаратының 12 данасы алынды. Инфекцияның өршуін алдын алуға Мақат кентінен 13, Доссор кентінен 12 орындық провизорлық стационар және Доссор кентінен 120 орындық карантиндік стационар дайын тұр",- деді аудан әкімі.
«МТ»