Аудан әкімінің есебі онлайн өтеді

(0 Votes)

Мақат ауданының әкімі Ш.К.Кейкиннің «Мақат ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған жоспары туралы» аудан тұрғындары алдындағы есепті кездесуі 2021 жылғы 28 қаңтар күні сағат 11.00-де онлайн режимде өтеді.

Есептік кездесу облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасы сондай-ақ, Facebook (Мақат ауданы), Instagram (@magataudany) әлеуметтік желісіндегі парақшаларында, облыстық әкімдіктің www.atyrau.gov.kz веб-сайтында тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Тікелей эфир кезінде тұрғындардан ұсыныстар мен сұрақтарды қабылдау үшін «Telegram-bot» (askatyraubot), 87789021822 Whatsapp нөмірі және 8 (71239) 32239 байланыс телефоны жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, Мақат кенті, М.Баймұханов көшесі, №67 үй, кітапхана, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, №36 үй, Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Доссор кенті, Ж.Мұқтанов көшесі, №2 үй, Қазпошта, Доссор кенті, Ғ.Сүлейменова көшесі, №100 үй, кент әкімдігі, Бәйгетөбе ауылы, №207 үй, Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешенінің ғимараттарында сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер үшін арнайы жәшіктер орнатылған.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521