Аудан әкімі чемпиондарды қабылдады

Аудан әкімі чемпиондарды қабылдады
(0 Votes)

Бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Рудный қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы футзалдан Қазақстан Республикасы біріншілігінің чемпионы атанған аудандық команданы қабылдап, құрмет көрсетті.

Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, аудан әкімінің кеңесшісі, бөлім басшылары, спортшылардың жаттықтырушылары мен жас спортшылар қатысты.

Бас қосуда аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудан намысын асқақтатып жүрген спортшыларды айтулы жеңістерімен құттықтап, алға қарай бұдан да зор жетістіктерге жетулерін тіледі.

Сонымен қатар, соңғы жылдары ауданның спорт саласы көптеген жетістіктерге жетіп жүргенін тілге тиек етіп, байрақты бәсекеде топ жарған спортшыларға аудан әкімінің арнайы қаржылай сертификатын табыс етті.

Одан әрі, ауданның спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін спортшылардың жаттықтырушылары Әнуар Жеңісұлы мен Ержан Болатұлын және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан Жұмабек Аманжолұлын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

 

                                                                                  Ботакөз Асхатқызы

                                                                                  Сурет автордікі

 

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT