Бүгін аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызының төрағалымен аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімде 2025 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны бойынша жиналыс өтті.
Жиналыстың күн тәртібінде аудандағы мерзімді әскерге шақыру жоспарын орындалысы қаралды.
Алдымен аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Ертуған Амиров өткен 2024 жылы аудан бойынша әскерге шақыру жоспары толықтай орындалғандығын тілге тиек етіп, биылғы 2025 жылы жоспардың орындалмай отырғандығын жеткізді. Мерзімді әскерге шақыру жоспарын орындау үшін аудандық полиция бөлімімен, кент,округ әкімдіктерімен тығыз жұмыс жасауға шақырды.
Аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы ұсыныстарды қабылдап, мерзімді әскерге шақыру жоспарының орындалысын орындау үшін аудандық полиция бөліміне арнайы тапсырма беріп, қызметтік хат жолданатындығын жеткізді.
Сондай-ақ кент, округ әкімдеріне әскерге шақырушылардың тізімі беріліп, олар өз кезегінде арнайы мамандар мекен-жайларды аралап, әскерге шақыру қағазын таратып,түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.
Ж.Қамза