Аудан әкімі 1 мамыр мерекесімен құттықтады

(0 Votes)

Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына айналған – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміз егемендігін алғалы бері де достықты, бірлікті, тең құқықты ту етіп келеді. Соның арқасында бүгінде Қазақстан достықтың киелі шаңырағына айналып отыр.

1 мамыр – әрбір қазақстандық үшін Отанға сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз болғандықтан, бұл жетістікті бағалап, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті.

Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу үстінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сенімдімін. Ең бастысы достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, елдегі татулық пен бірлігіміз бекем болсын деп тілеймін.

 

Мақат ауданы әкімі Ш.Кейкин

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT