banner_damu

Қарттардың үйін жинап берді

(0 Votes)

Әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, өзіне ғана тән қасиеттері болады.

Біздің қазақ халқының ақсақалдарына тән қасиеттер берекелііске бастаушы, тыңғылықты жұмыстың иесі және адамгершілік сипаты.

Ендеше үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу - біздің мәңгілік борышымыз. Міне, осындай теңеуге лайық асыл қарияларымызды құрметтеу мақсатында Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде Қарттар күні қарсаңында мектеп әкімшілігі қолдауды қажет ететін қарттардың жағдайымен танысып, ұсыныс – пікірлерін тыңдады. Мерекеде сыйлық ұсынуды да ұмытпады.

«Қарттарым – асыл қазынам» атты кездесулер сыныптарда өткен ашық тәрбие сағаттары ұрпақ сабақтастығына сеп болды. Жоғарғы 9-11 сынып оқушылары «Жан жылуы сіздер үшін» ұранымен акция өткізіп, ауылдағы көмекті қажет ететін қарттардың үйіне жәрдемдесті. Қыз балалар қарттардың үйін жинастырып, ыдыстарын жуып, тазалық жұмыстарын жүргізсе, ұлдар үйінің айналасын жиыстырып, шарбағын тазартты. Шын ниеттерімен көмек қолын созған оқушыларға қариялар алғыстарын жаудырып, баталарын берді. Ақылдың кенін арқалаған айбынды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге мұндай қолдау тек мереке күндері қарсаңында ғана емес, жиірек болып тұрса деген тілектеміз.

Алия АЛДИЯРОВА,

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Super User

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика