Ардагерлер өз бабында

(0 Votes)

«Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» демекші, біраз жасқа келсе де спорттық бабын сақтаған жандар арамызда жетерлік.


1 - қазан күні тойланған қарттар мерекесі аясында аудандағы спорт ардагерлері назардан тыс қалмады. Осы сөздің дәлелі ретінде алдыңғы аптада Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Қарияларға құрмет-ұрпаққа міндет» тақырыбымен үстел теннисі мен шахматтан ұйымдастырылған сайысты айтуға болады. Ол жарысқа барлығы 20 шақты ардагер қатысты.
Үстел теннисі бойынша Жұмажан Досбергенов пен Серікқали Қабдешов «Жеңіске деген жігері үшін» марапттарына ие болса, Теңелбай Жауынбаев 3-орынды иемденді. Қуаныш Әлмұхановқа 2-орын бұйырып, мұнай саласының ардагері Мұрат Шайкүнов қарсыластарынан оқ бойы озық болды. Бәсекелердің өте тартысты өткенін айта кеткен жөн.


Шахматтың кезегі келгенде Шаяхмет Ишанғалиев, Қабылхан Омаров, Хасан Қараманов, Кәрис Мұқашевтарға «Жеңіске деген жігері үшін» дипломы табысталды. Жүлделі үштікке Көбейсін Саюпов іліксе, спорттың бұл түрінен замандастарына дес бермейтін доссорлық Естай Ғинаятов осы жолы 2-орынды қанағат тұтты. Ал 1-орын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халеновтың қанжығасында кетті. Жалпы, шахмат сайыстары ауданымызда жиі өтеді.


Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан кубок, диплом, медальдармен және Мақат кентінің әкімідігі тағайындаған естелік сыйлықтармен марапатталды.

whatsapp-image-2021-10-13-at-08_07_53-1


А.Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT