Көркемсөзшілер жүлдесі

(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйінің шәкірттері халықаралық байқауда жеңімпаз атанды. «Жеті өнер» V Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсына онлайн түрде өз өнерлерін жолдаған драма үйірмесінің оқушылары Аяулым Ғайса, Мая Айтқали, Гүлжан Байсымақ көркемсөз жанры бойынша бас жүлдеге ие болды.


Сондай-ақ, сахналық қойылым бағыты бойынша Арсен және Сәбит Мейлхаттар, көркемсөз оқудан Ф.Қонысбай, А.Жандарбек, Д.Есенжанқызы, А.Сәду, Р.Қамбарқызы, А.Саматқызы, Н.Төлен, К.Төлеген, Н.Қабдол, А.Ғайса І орын, Дельназ Хамза ІІ орынмен марапатталды.


Оқушылардың жетекшісі Г.Кенжиева талантты шәкірттерді дайындағаны үшін «Үздік тәлімгер» дипломы және «Өнер жанашыры» кубогымен марапатталды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521