Ардагер аты ардақты

(0 Votes)

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен 9-10 қараша аралығында Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ауданның «Құрметті азаматы», соғыс және еңбек ардагері, «Халық ағарту ісінің үздігі» Жанасов Азат Сәлікұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы дзюдодан ашық республикалық турнир өткізілді.

Екі күнге созылған турнирге Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан, Атырау қаласы мен аудандардан 250 палуан қатысты. Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов және ардагердің ұлы мен туыстары қатысты. 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер 11 түрлі салмақ дәрежесінде бақтарын сынады. Екі күнге созылған турнирге Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан, Атырау қаласы мен аудандардан 250 палуан қатысты. Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов және ардагердің ұлы мен туыстары қатысты. 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер 11 түрлі салмақ дәрежесінде бақтарын сынады.

Жарыс нәтижесінде аудан намысын қорғаған жасөспірімдер арасынан 23 кг. салмақ дәрежесі бойынша 3 орынды А.Елемесұлы, 2-орынды Е.Бағытжан иеленсе, 26 кг. салмақ дәрежесінде 3 орынға Э.Сарқыт (Мақат) қол жеткізді. Ал, 29 кг. салмақ дәрежесінде 1-орынды Р.Таубаев иеленіп, аудан намысын қорғады. 32 кг. салмақ дәрежесі бойынша 2-орынды З.Бақтығали мен 35 кг. салмақ дәрежесінде Д.Жақсыберген иеленді. 42 кг. салмақ дәрежесінде күш сынасқан А.Жайлаубаев 1 орынды жеңіп алды.

46 кг. салмақ бойынша 3 орынды Ж.Оразов, 2 орын Ж.Ешпатов, 1 орынды Е.Шонай иеленді. + 55 кг. салмақ дәрежесі бойынша 2 орынды Ж.Мейрамбекұлы, 1 орынды Р.Маликов иеленді. Жеңімпаздарды Азат Жанасовтың ұлдары мен туыстары марапаттап, жеңімпаздарға ұйымдастырушылар атынан диплом, медаль, кубоктар табыс етілді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521