Алаңды абаттандыру жалғасуда

(0 Votes)

Ауданда көріктендіру, абаттандыру жұмыстары науқандық шеңберде жүзеге асып, әсіресе, көктемде ғана қолға алынатыны жадымызда.

Алайда, суармалы аймақ болмағандықтан, отырғызылған шыбықтар тамыр алып кете алмай, талай жылғы еңбектің еш кеткені де жасырын емес. Десек те, «Қалауын тапса, қар жанады» емес пе, аудан басшысы Жұмабай Қарағаевтың ұйғарымымен биылғы көктемде ауданда 320 түп ағаш отырғызылса, ауылға көрік беріп, сап түзеген шыбықтар бүгінде жайқалып, бой көтере бастады. Міне, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына жан бітіп, өткен жылы қолға алынған аудандағы алеялар жұмысы да биыл жалғасын тауып, аяқталуға жақын. Мердігер компанияның жауапкершілігіне алған орталық алаңдағы алеяның жұмысы да қазан айында толықтай аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда тақтайдай тегіс өрме тас төселген орталық алаңда жайқалған жасыл желек көрік беріп тұр. Абаттандыру барысында 12 түп арша ағашының түбі топырағымен әкелініп отырғызылды.

Материалдың толық мәтінін газетіміздің №38(892) санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз