banner_damu

Айттың айтулы жарысы

(0 Votes)

Күллі мұсылман үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесіне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен орталық мешітте спорт жарыстары өткізілді.

Ұлық мейрамды ұмыт қалдырмаған кент тұрғындары кір тасын көтеру, білек күшін сынасу, қой көтеру секілді күш пен ептілік сынға түсер спорт түрлерінен өткен жарыстың куәсі болды. Айталық, 12 адам қатысқан кір тасын көтеру сайысы нәтижесінде Болатбек Қожаровтың алдына түсер жан табылмаса,  II орынды Қайрат Қабдешев, III орынды Ақылбек Абаев иеленді.

girtasynkoteru
Болатбек Қожаров білек күшін сынасуда да 13 адамның арасынан суырылып шығып, бас бәйгені иемденсе, II орын Аян Абаевқа, III орын Біләл Сағындықовқа бұйырды.

1mgse4igjbi
Қой көтеру жарысында қайраты тасыған Қайрат Боздақов қарсыластарын шаң қаптырып, жеңімпаз атанды.

ojkteru


marapat

Мейрамның көркін келтірген жарыстың жүлдегерлері ұйымдастырушылар атынан ақшалай сыйлыққа ие болды.

А.САДЫКОВ

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Мақат тынысы

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика