Адасудың бәрі – сауатсыздықтан

(0 Votes)

Өткен аптада аудан әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысы болды. Оған аудан мешіттерінің имамдары, кеңес мүшелері қатысып отырды.

Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев төрағалық етті. Күн тәртібінде облыстық дін істер басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» аудан бойынша өкіл маманның атқарылған жұмыстары тыңдалды.

Орталық маманы жыл бойы өткізілген шараларға тоқталып, оған қатысушылар туралы мәлімдеді.

Сондай-ақ, отырыста жастар ресурстық орталығының өңір жастары санасында ұлтжандылық сезімін тәрбиелеуге, ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны насихаттауға бағытталған іс-шараларға тоқталды.Кеңеске қатысушылар «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының жүргізген жұмыстарымен танысты.

Кеңес жұмысын қорытындылаған Нұрлан Ерғалиев халық арасында үнемі үгіт-насихат шаралары жүргізілу керектігін айтып, халықтың діни сауаттылығын арттыру, жастар арасында діни экстремизм және терроризмге қарсы жұмыстардың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып діни сауаттандыруға назар аударуды тапсырды.

Қоғамға үлкен қауіп төндіретін теріс діни ағымдардың жұмыстарына бөгет болу үшін әр кез жүйелі жұмыс жасалынып қана қоймай, жастардың діни түсініктерін арттыру бағытында кездесулер, танымдық шаралар жиі ұйымдастыру, діни ахуалдың тұрақтылығын басты назарда ұстау мәселелері талқыланды.

Бұл ел мен жердің тыныштығы үшін ауадай қажет нәрсе.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Сайт әкімшілігі

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика