Адасқан опа таппайды

(0 Votes)

Өткен аптада Мақат, Доссор кенті әкімі аппаратының ұйымдастыруымен деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мақсатында қоғамдағы жастар арасында асыра діншілдік пен діндегі шектен шығу мәселелері бойынша А.Құнанбаев, Х.Санбаев атындағы орта мектепте және Локомотив пайдалану депосының акт залында «Деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мәселелері» тақырыбында кездесу өткізілді.

Қазіргі таңда белең алып жатқан экстремизм мен терроризмге қарсы жастар арасында тағатты діни сананы қалыптастыру мен рухани құндылықтарды түсіндіру және ҚР 2017-2020 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарлама аясында және жастардың діни сауаттылығын арттыру мен дәстүрлі дініміздің ұлттық құндылықтарын түсіндіру, дінаралық татулықты нығайту және мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын түсіндіру және дәстүрлі емес жат ағымдардың белгілері мен зияны турасында түсіндірілді.

Кездесуге Атырау қаласынан «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теолог-маманы М.Омаров, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі А.Қабижан, «ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкіл-маманы Қ.Төлеуов, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов, мектеп оқушылары мен теміржол қызметкерлері қатысты. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұсынып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында дінді кері мақсатта пайдаланудың алдын алу, теріс діни идеологияның таралу жолдарын шектеу мәселелері қамтылған. Сондықтан бұл заң жобасы қоғамдағы тұрақтылық пен діни келісімді қалыптастыруға өз үлесін қосады деп айтуға болады. Заң жобасында неке қиюға қатысты діни жоралар мен рәсімдерді еліміздің ресми АХАЖ органдарының тіркеуінен өтпей тұрып, ғибадат ғимаратынан (құрылыс жайлардан) тыс жерлерде жүргізуге шектеу қойылған. Алғашқы мәрте діни радикализм, деструктивтік идеологиялық ағым, деструктивтік діни ағым және т.б бірқатар діни терминдерге анықтама берілді.

Деструкивтік діни ағымдарды насихаттауға, олардың идеологиясын таратуға тыйым салу қарастырылуда,- деді А.Қабижан. Теолог-маман М.Омаров қоғамда болып жатқан діни мәселелерді айтып, теріс діни ағым өкілдерінің шынайы бет бейнелері мен ниеттерін ашық түсіндірді. Қазақстан болашағы-жастардың қолында. Кездесу барысында С.Халенов жастардың ғаламтор желілерінен теріс ақпараттарды қабылдап, жат ағымдардың ықпалында кетіп жатқандығын, теріс ағымдарға қарсы ел болып жұмыла күресу керектігін қаперге берді. Дәстүрлі дін мен жат ағымдардың ара жігін ажырату барысында тыңдаушылар тарапынан сұрақтар жиі қойылды. Кездесу одан әрі Л.Шахатов атындағы орта мектебінде жалғасын тапты.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521