Абай күні аталып өтті

(0 Votes)

Ел руханияты үшін айрықша мереке саналатын  10 тамыз – Абай күнінде ауданның мәдениет және өнер ошақтары онлайн форматта іс-шаралар ұйымдастырды.

Мақат балалар өнер мектебінің оқушылары облыстық «Абайды отбасыңмен таны» онлайн байқауына қатысып, өз өнерлерін әлеуметтік желіге жүктеді. Ермек Мейірлан ақынның «Торжорға» күйін орындаса, Нұртас Рабиябегім «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», Сәулебай Нұрзада «Көзімнің қарасы», Мөлдір Ешпат «Желсіз түнде жарық ай» секілді ақын әндерін әуелетті.          

Сондай-ақ, Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің оқушысы Бітжан Нәзік «Көзімнің қарасы» әнін ұсынса, ақынның сөзбен шебер суреттеп жеткізген жыл мезгілдерін бейнелеу өнері сыныбының оқушылары Артурқызы Майя, Темірхан Диана сурет арқылы бейнеледі.

Мәдениет үйі ұжымы да «Ұлы халықтың - ұлы Абайы» тақырыбында қызметкерлердің ұйымдастырған бейнебаянын жолдады.

Аудандық орталық кітапхана ұжымы "Абай деп соққан жүректер" атты аудандық  Абай оқуларына қатысушы оқырмандарының  өлеңдері мен қара сөздерін желі пайдаланушылары назарларына онлайн режимде ұсынады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары да әлеуметтік желі қолданушыларын атаулы  мерекемен құттықтап, Ұлы Абайдың өлең жолдарынан сыр шертті.

Баршаға қолжетімді онлайн форматта өткен мерекелік іс-шаралар барысында өнерпаздар хәкім Абайдың әндері мен оның өлеңдеріне жазылған әндерді әуендетіп,  өз арнауларын паш етті.

 

М.СЕРІКҚЫЗЫ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT