Алғашқы боп дауыс берді

(2 Votes)

Мақат ауданында сайлау науқанына жалпы саны 12 сайлау учаскесі дайындалды. Оның бесеуі Доссор кентінде орналасқан.

Доссор кентіндегі Ғ.Сүлейменова көшесіндегі Доссор мәдениет үйі ғимаратында орналасқан №212 сайлау учаскесі бүгінгі тарихи күнге сақадай сай. Дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-де ашылып, мемлекеттік әнұран шырқалды.

Дәл осы маңызды күнде Қ.Құдабаев көшесі 21/5 үйдің тұрғыны Абдиров Марат Қуанышұлы алғашқы сайлаушы болып тіркелді. Ол сайлау учаскесіне таңғы сағат 06:31-де келген. Сын сағаты соғылғаннан кейін, қалаған үміткеріне дауыс беріп, таңдауын жасады. Марат Қуанышұлына алғашқы сайлаушы ретінде естелік сыйлық тарту етілді.

 i

Абдиров Марат:

-"Бүгінгі еліміз үшін ең маңызды күнде сайлауға қатысуға толық құқылы болғандықтан, жауапкершілікті сезініп, мүмкіндікті бос жібергім келмеді. Сондықтан, бүгін ерте тұрып қамдандым. Биылғы сайлау басқалардан өзгеше. Жаңа есімдер, әр кандидатты зерттей келе бүгін өз таңдауымды жасадым. Жалпы ҚР азаматы ретінде еліміздің көркеюіне дәл менің дауысым қандай да бір үлесін қосса өте риза болар едім".

i

Бүгінгі сайлауға Мақат ауданынан 18128 сайлаушы қатысады деп күтілуде. Оның 2125 адамы дәл осы сайлау учаскесінде дауыс береді. Олардың ішінде 99 мүгедек және 37 қарт бар. Алғаш рет кәмелет жасқа толып, сайлау құқығына ие болып отырған 10 сайлаушы да осы учаскеден дауыс бермек. Дәл қазір аталмыш сайлау учаскесінде 10 адам дауыс беріп үлгерді.

М.Ізтұрғанова,

суреттер автордікі

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Мақат тынысы

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика