18 тұрғынға айыппұл салынған

(0 Votes)

Есеп беру жиынында Бәйгетөбе ауылдық округінде қоғамдық орында алкоголь өнімін ішу немесе масаң күйде жүру яғни ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабына сәйкес 18 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынғаны айтылды.

Сондай-ақ, «Иттер мен мысықтарды асырау және серуендеу қағидаларын бұзу» ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабына сәйкес 2 әкімшілік хаттама толтырылып ескерту берілген.

Ал, ҚР ӘҚБтК-ң 505 бабына сәйкес, үйінің ауласын, шарбақ сыртын таза ұстамағаны үшін 4 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып ескерту жасалған.

"Тұрғындарға кез-келген жерге қоқыс, басқа да заттарды көшеге шығаруға болмайтынын және мердігер мекемемен тұрмыстық қалдықтарды шығару жөнінде келісім шартқа отыруға міндетті екендігі үнемі ескертіліп келеді",- деді округ әкімі.

"МТ"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT