402-бекеттің тұрғыны Жанзира Қожахметова ауылдағы ойын алаңшаларының қай жерге салынатындағы жөнінде анықтап беруін сұрады.
Мәселеге орай кент әкімі Қ. Төлеуов теміржолдың екі жағында да салынатыны жөнінде мәлім етті.
Одан өзге теміржол саласына қатысты электр желісіндегі ақауды қалпына келтірмеген жағдайда қауіптің "аулы алыс еместігін " айтқан ауыл тұрғыны Жанзира Қожахметова өзінің "жанайқайын" естір құлақтың бар-жоғын білгісі келетіндігін айтты.
Алдағы күн еншісіндегі мәселенің анық-қанығын беруді теміржол саласының мамандарына жолданды. Өйткені желі түгелімен осы саланың меншігінде болып шықты.
"МТ"
Сурет: ашық дереккөз