Жылойлық отбасы атыраулықтарды сапалы шұбатпен қамтуда

(0 Votes)

Жылыой ауданындағы шаруа қожалығы Атырау тұрғындарын жаңа шұбатпен қамтамасыз етуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қарағай ауылының маңында орналасқан "Санат" шаруа қожалығында 200 түйе мен 40 төл бар, ал шұбат өндірісімен бүкіл отбасы айналысады. Бүгінде Жылыой шұбатының дәмі мұнайлы астана тұрғындарына жақсы таныс. "Сана" шаруа қожалығының сүт өнімдері ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде де, дәстүрлі сауда орындарында - үй жанындағы дүкендер мен супермаркеттерде де сатылады.

Шұбат Қарағай ауылында өндіріледі. Түйелерді сауумен келіндер айналысады, ал тікелей шұбат өндірумен - шаруа қожалығының басшысы Жаз Шунгиловтың жұбайы айналысады. Әйелдер үшін жұмыс таңғы сағат бестен басталады. Таңертең шаруашылық 40 литрге дейін сүт алады, содан ең дәмді шұбат жасалады. Дайын өнім Атырау қаласына және Жылыой ауданының ауылдарына жеткізіледі. "Сана" шаруа қожалығының өкілі Бейбіт Мұхтар айтқандай, шұбатты жазда сақтау өте қиын. Сондықтан бизнесті қолдауға бағытталған "Тандау" жобасына қатысу туралы шешім қабылданыпты

- Біз "Тандау" жобасына қатысу үшін барлық құжаттарды жинап, тапсырдық. Нәтижесінде грант жеңіп алдық! Бұл қаражатқа күн электр станциясы мен тоңазытқыш жабдықтары сатып алынды. Біз сондай-ақ дайын өнімді сақтау үшін арнайы орын жабдықтадық. Енді біздің шұбат ұзақ уақыт бастапқы дәмін сақтап тұра алады, - деді Бейбіт Мұхтаров.

Айта кетейік, биыл Жылыой ауданының 44 кәсіпкері "Тандау"жобасы бойынша қаржылай қолдау алды. Бұл жобаны Жылыой ауданын дамыту бағдарламасы шеңберінде "Теңізшевройл" ЖШС қолдауымен "Орталық Азияның Еуразия " қоры жүзеге асырады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT