ЖОСПАРДАҒЫ ЖАҢА ЖОБАЛАР

(0 Votes)

Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болары сөзсіз. Бұл орайда, Атырау облысының мәдениеті жаңа серпін алып, шығармашылық бастамалар қарқынды дамуда.

 Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы алты мыңға жуық мәдени іс-шара ұйымдастырып, 940 мың көрерменді қамтыған. Нақтырақ айтқанда, еліміздің түкпір-түкпірінен келген шеберлердің қатысуымен қолөнерді дәріптейтін «Шебер-Fest 2024» фестивалі ұйымдастырылса, ақын Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай арнайы кештер, конференциялар және эссе байқауы өтті. Ал, «Saz Perneli Saraishyq» халықаралық «Dombyra» фестивалі түркі халықтарының өнерін біріктірсе, «Атырау – ардақты өлкем» атты байқауда жас әншілердің жұлдызы жанып, Қаршыға Ахмедяров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрінің концерттері ұлттық өнерді дәріптеуге арналды.

– Биыл аймақ мәдениеті жаңа деңгейге көтерілуде. Биылғы жетістіктеріміз – ұлттық өнерге деген зор қолдаудың нәтижесі. Біздің мақсатымыз – дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре отырып, мәдениетті одан әрі дамыту. Алдағы жылы да өңірімізде көптеген ауқымды іс-шара ұйымдастырылып, халықаралық деңгейдегі мәдени жобалар жүзеге асырылады, - дейді облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әділғалиев.

Оның айтуынша, өңір мәдениетінің дамуы мен халықтың өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында алдағы уақытта жүзеге асырылатын жаңа жобалардың бірінде баяншылар арасында «Евразия кубогі» халықаралық байқауы өткізіліп, ең үздік музыканттар анықталады. Сондай-ақ ақын Жұмекен Нәжімеденов пен актер Нұрмұхан Жантөринге арналған көркемсөз оқу байқаулары ұйымдастырылып, жастарға үлкен мүмкіндік беріледі. Халық әндері ұмыт қалмас үшін дәстүрлі әншілер сайысы өтсе, ұлттық киімдерді жаңғырту мақсатында этно-дизайнерлер байқауы жоспарланған. Бұдан бөлек үкіметтік емес ұйымдармен креативті индустрияны дамыту мақсатында мемлекеттік әлеуметтік және гранттық тапсырыстар жүзеге асуда. Биыл мемлекеттік гранттық тапсырыс аясында әлеуметтік маңызы бар 12 креативті жобаны жарыққа шығару жоспарлануда. Өз тілшіміз Қызылқоға Бұдан бөлек үкіметтік емес ұйымдармен креативті индустрияны дамыту мақсатында мемлекеттік әлеуметтік және гранттық тапсырыстар жүзеге асуда. Биыл мемлекеттік гранттық тапсырыс аясында әлеуметтік маңызы бар 12 креативті жобаны жарыққа шығару жоспарлануда.

Өз тілшіміз

Қызылқоға

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT