Премьер-министр Олжас Бектенов өзінің «Алты жылдық прогресс: Қазақстан тұрақты даму жолында» атты мақаласында цифрландыру мен жасанды интеллект ел экономикасының өсуінің негізіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Қазір «Цифрлық отбасы картасы», «Әлеуметтік әмиян» сияқты ірі жобалар іске асырылып, Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылуда. Бұл мемлекет технологиялық дамуға және инновациялық шешімдерді енгізуге басымдық беріп отырғанын дәлелдейді.
Білім беру жүйесінде де жасанды интеллекттің рөлі күн санап артып келеді. Колледжімізде біз оқу үдерісін ыңғайлы әрі тиімді ету үшін цифрлық платформаларды пайдаланамыз. Мәселен, Examica сервисі автоматты түрде тесттер жасақтаса, Fliki.ai қызметі қажетті материалдар ашық қолжетімді болмаған жағдайда оқу бейнероликтерін жасауға көмектеседі. Дегенмен, жасанды интеллект – мұғалімнің орнын басатын құрал емес, керісінше, оқу үдерісін жеңілдететін көмекші ғана. Ол пәнді терең түсінуге мұғалімнің қатысуынсыз мүмкіндік бермейді.
Білім берудегі басты мақсат – студенттерге ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін беру ғана емес, оларды сыни ойлауға, мәліметтерді талдауға және білімді тәжірибеде қолдануға үйрету. Жасанды интеллект шешім табуға көмектескенімен, жеке тәжірибе, пікірталас және оқытушымен өзара әрекеттесу оқу процесінің ажырамас бөлігі болып қала береді.
Қазақстан цифрлық болашаққа қадам басуда, бірақ технологиялық даму білім сапасын арттырумен қатар жүруі тиіс. Тек жаңа құралдармен жұмыс істей алатын және оларды игілікке пайдалана білетін білікті мамандар ғана елдің технологиялық прогресінің негізін қалап, оның болашағын анықтайды.
Мейрамгүл ТҰҚПАТОВА,
С.Мұқашев атындағы Атырау жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы