Жәрдемақы тең дәрежеде берілсе...

(0 Votes)

Министр өте дұрыс ұсыныс білдірген деп ойлаймын. Әрі қос қолдап қолдаймын.

Тез арада барлық көпбалалы отбасыларына тең дәрежеде жәрдем ақы тағайындалуы керек деп санаймын. Өйткені, көптеген көпбалалы отбасылар жұмыс істегені үшін атаулы әлеуметті көмектен қағылып отырғаны жасырын емес. Ал атаулы көмек алатындар арасында масылдық көзқарас қалыптасып бара жатыр. Сондықтан, жұмыс жасап, еңбектеніп отырған көпбалалы отбасыларды қолдап, жәрдемақы беру дұрыс шешім болады деп санаймын. Мәселен, мен өзім төрт баланың анасымын, шүкір күйеуіміз екеуміз де жұмыс жасаймыз. Дегенмен, жалақымыз атаулы көмек шегінен шамалы ғана асады, сол үшін көмек алмаймыз. Ал, алып отырған жалақы төрт балаға жетіңкіремейді. Сондықтан да несиеге жүгініп жататын кездеріміз көп. Ал, жәрдемақы тең дәрежеде берілсе, бұл әділдік болар еді.

Венера Тұрмұхамбетова,

көп балалы ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521