banner_damu

Үйден жұмыс істеуге жағдай жасалынбақ

(0 Votes)

Мемлекет басшысы халыққа жәрдемақы берудің негізгі шартын атады НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жолдауында халыққа атаулы әлеуметтік көмек беру мәселесін қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үкімет атаулы әлеуметтік көмек беру жүйесін түзетуі тиіс. Ондай көмек ашық, әділ және жұмыс істеуге мотивация жасауы қажет. Осы көмек көбінесе жұмыс істейтін адамдарға берілуі шарт. Үкімет пен Атамекен шұғыл бір айдың ішінде көпбалалы аналарды микро және шағын бизнеске тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеуі тиіс. Үйде жұмыс істеуге де жағдай жасауымыз қажет", - деді Тоқаев.

Осы орайда президент тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек беру мәселесін қозғады. Ондай балалар үшін кепілдендірілген мемлекеттік көмек енгізілуі керек. 

Тоқаев жарлығы: ерлі-зайыптының кредиті қалай өтеледі?

"Мектепке дейінгі жастан бастап оқушы болғанға дейін көмек беріп отыру қажет. Тегін тамақ, оқу құралы және формамен қамтамасыз ету, медициналық көмек, соның ішінде стоматологиялық қызметті төлеу, қоғамдық көлікке кеткен шығындарды өтеу сияқты шаралар бар. Осының барлығы 2020 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Sputnik.KZ

сурет: ашық дереккөзден

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Мақат тынысы

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика