Атырау облысында Каспий қайраңындағы мұнайшылардың дауыс беру бюллетеньдері тікұшақпен тасымалданады, деп хабарлайды 24kz.
6 қазан күні 12 мыңнан аса адам вахталық әдіспен жұмыс істейді. Оларға автокөліктер мен тікұшақ тартылады. Қазір кен орындарындағы жұмысшылардың нақты саны анықталып жатыр. Жалпы өңірде дауыс беру 274 учаскеде өтеді. Азамат Айманакумов, облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы:
- Осыған байланысты 38 референдум комиссиялары белгіленген. Олардың тең жартысы жақын тұрған кеніштерге тасымалдау жәшіктері арқылы апаратын болады. Каспий қайраңында орналасқан «Қашаған» кен орны бар. Ол жер қашық, өте шалғайда орналасқан. Сондықтан да ол жерде дауыс беруді тікұшақ арқылы ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.