Әлеуметтік қызметкерлер қызмет алушылардың әрқайсысымен жекелей қарым-қатынас орнатып, олардың талап-тілектерін тыңдап,мейлінше толыққанды өмір сүру салтын жеңілдетуге күш салуда.
Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әлеуметтік қызметшілер мерекесіне орай «Эрудит» интеллектуалды сайысын өткізді.
Сайыс 6 бөлімнен тұрды. 4 команда қатысты. Алғашқы «Таныстыру» бөлімінде әр команда топтың атын қойып, бірі өлеңдетсе, бірі сурет арқылы бейнеледі. Ал, «Сұрақ-жауап» кезеңінде әр топқа сұрақтар жасырылған ұяшықтар беріледі. Әр ұяшықта ұпайлар жазылған. Команда дұрыс жауап берген жағдайда сол ұпай қосылады.
«Бетпе-бет» бөлімінде әрбір қатысушы берілген сөздерді 1 минут ішінде топ мүшелеріне іс-қимылымен түсіндіруі тиіс болатын. Ал, «Суреттер сөйлейді» кезеңінде мақалдарды тапты. Әрине, қатысушылар бірін тапса, біріне қиналып жатқан кездері де болды. Ал, «Кім жылдам?» кезеңінде жауабын бірінші тапқан ұпайды еншіледі. «Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңінде топ капитанының құлағына құлаққап кигізіп, өз командасының айтқан сөзін жылдамдықпен тапты.
Нәтижесінде, 3-орынды Мақат кенті әкім аппаратының әлеуметтік қызметшілері «Қамқорлық аясында» командасы, 2-орынды Доссор кенті әкім аппаратының әлеуметтік қызметшілерінен құралған «Мейірім» тобы, 1-орынды жұмыспен қамту орталығының «Бастау» тобы және бас жүлдені жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесінің «Аялы алақан» тобы жеңіп алды.
Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттармен естелік сыйлықтар табысталды.
А.ТАУМҰРЫНОВА
Суреттер автордікі