Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісі Отбасы күні аталып өтіледі.
Бұл мереке 2013 жылы біздің республикамыздың мерекелер тізіміне енгізілді.
Биыл мереке 8-қыркүйекке түсіп отыр. Отбасы күні еліміздің түкпір-түкпірінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан үлгілі отбасыларға сый-құрмет көрсетіледі. 2014 жылдан бері аталмыш мерекеге орай «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіліп келеді. Бүгінде республикада отбасын нығайту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жолға қойылған, отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып табылады.
Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде адами құндылықтардың, мәдениеттің және ұрпақтардың тарихи сабақтастығының сақтаушысы, тұрақтылық пен дамудың факторы болды және болып қала береді.
Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамып келеді, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Барлық уақытта елдің дамуы отбасының қоғамдағы және оған қатысты мемлекеттің жағдайы бойынша бағаланды.
Адамның өмірі отбасынан басталады, мұнда оның азамат ретінде қалыптасуы жүреді.