Ұлттық құрылтай – ел болашағына бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып саналады. Сол арқылы халық пен билік арасындағы байланыс нығайып, қоғамдағы мәселелер ашық талқыға түспек.
Көкше төрінде өткен Ұлттық құрылтайда түрлі тақырыптар қозғалды.
Соның ішінде қазақ тілінің дамуы басты назарға алынған болатын. Яғни, онда «Қазақ тілі» қоғамының бастамаларын қолдап, құжат түріндегі мұраларымызды ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізу керектігі ескерілді.
Бұл тұста атқарылар шаруа көп. Бастысы төл болмысымыз бен мәдениетіміз айқындала түспек. Сондай-ақ, цифрлық мұрағаттағы жасанды интеллект жүйелеріне кіру арқылы тарихи зерттеулер жанданары сөзсіз.
Гүлмира Омарова,
ұстаз