Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар үшін үкімет тарапынан тағы бір жағымды жаңалық. Бұл жанұялардағы 18 жасқа дейінгі балаларға ақпан айынан бастап кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі.
Қуанышты хабарды аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Гүлжанар Утешованың өзі бастап жеткізіп, тұрғындарға алғашқы әлеуметтік пакетті өз қолымен табыстады. Жұмыспен қамту бөлімінің мамандарының айтуынша, топтама балаларға жас ерекшеліктеріне қарай беріледі.
Айталық, бір жастан үш жасқа дейінгі балаларға гипоаллергенді жеміс пен көкөніс езбесінен бастап, сүт пен печеньесіне дейін қамтылған. Сонымен қатар, үш жастан алты жасқа дейінгі, алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар үшін бөлек топтамалар қарастырылған. "Бұл біз үшін әжептәуір көмек, баламыздың гигиеналық тұтыну заттарынан мектеп құралдарына дейін алып беріп жатыр, ризамыз" деп ата-аналар да ақ алғысын білдірді.
А.САДЫКОВ
Cуреттер автордікі