Биылдан бастап атырауда қандастарға көмек ретінде тұрғын үй құнының жартысы төленетіні туралы жаңалық қандастарымызды ғана емес, елдің ертеңіне бейжай қарай алмайтын барлық азаматтарды да қатты қуантты деп ойлаймын.
Соның ішінде, Атырау облысы да қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізіліп, 100 бірлік квота бөлініп отыр. Сонымен қатар, жыл басынан бері жиырма адам қандас мәртебесін алды. Ал, былтыр өңірге Өзбекстан, РФ, Түркіменстан, Қытай, Украина, Тәжікстан және Түркиядан 286 этникалық қазақ көшіп келді. Оның 248-і Атырау қаласына және Қызылқоға ауданынан басқа барлық ауданға қоныстанды. Одан артық не керек?
Осы орайда, мен бұл қазақ халқының тарихи, мәдени, рухани құндылықтарын, дәстүрлерін және салттарын жаңғыртуды мақсат еткен "Ата жолы картасының" мән-маңызына айрықша тоқталып өткім келеді. Бұл картада қазақтың рухани мұралары, тарихы мен мәдениетіне қатысты маңызды орындар мен жолдар бейнеленеді. Ата жолы картасы көбінесе ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолдары, қасиетті орындары, халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер сақталған жерлер туралы мағлұматтарды қамтиды. Бұл карта көбінесе қазақтың ұлы тұлғаларының өмірімен, маңызды оқиғалармен және көне мекендермен байланысты болуы мүмкін. Ол тарихымызды зерттеу мен ұлттық бірегейлікті нығайту үшін маңызды құрал болып табылады. Атап айтқанда, "Ата жолы" ұғымы тек рухани және мәдени салада ғана емес, географиялық тұрғыда да қарастырылуы мүмкін. Бұл карталарда қазақтың көне жолдары, керуендер өтетін бағыттар, елдер арасындағы тарихи байланыстың іздері болуы ықтимал.
Президенттің өзі де қандастарды көшіру саясатында және ішкі көші-қонды реттеуде түбегейлі реформалар жүргізіліп жатқанын айтқан болатын. Оның айтуынша, бұл мәселеде демографиялық және экономикалық тенденцияларды, сондай-ақ жалпыұлттық мүдделерді ескеретін тәсілдерді қолдану маңызды. Бұл - өте дұрыс шешім.
Әлия ТАЗАБЕКОВА,
«Жібек жолы-бауырластар» қоғмдық ұйымының төрағасы