Индер ауданында 56 мың шабақ құтқарылды

ФОТО: atpress.kz
(0 Votes)

 Индер балық инспекция бөлімінің мамандары, әкімдік қызметкерлері мен ауыл еріктілері бірлесіп, Елтай ауылдық округіндегі тас жолдың астында орналасқан су құбыры ішінде қалып қойған балық шабақтарын құтқарды ,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің бас маманы Алмас Жұмашевтың айтуынша, жиналған балық шабағы табиғи ортаға, яғни Жайық өзеніне жіберілді.

- Маусым айынан бері Индер ауданы аумағынан инспекция мамандары, жергілікті атқарушы органдар және ауыл еріктілерімен бірге 11,5 миллион данадан астам шабақты құтқарды. Олардың бәрі тірі күйінде өзенге жіберілді. Бүгінде облыс аумағында балық шабақтарының қырылуын болдырмау мақсатында күнделікті тексеру жұмыстары жүргізілуде,- деді А.Жұмашев.

Айта кетейік, маусым айынан бері облыста барлығы 95 миллионнан аса балық пен оның шабағы жиналып, Жайық және Қиғаш өзендеріне жіберілген. Олардың салмағы 1336 тоннаны құрайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT