«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі жұмысшылардың, студенттердің және мектеп оқушыларының басын қосқан үлкен жоба.
Мақсаты – оқушыларға кәсіптік бағдар беру, олардың бейінін анықтау, жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру. Фестивальге қатысу мүмкіндігін Индер ауданының бір топ 9-11 сынып оқушылары да алған болатын. Оқушылар қалашықтың тау-кен және металлургия, инженер-механик және көлік, ауыл және су шаруашылығы, құрылысшылар, болашақ мамандықтар, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер көшелерін аралап, жұмыс берушілермен әңгімелесіп, нақты мағлұматтар алып, әртүрлі технологияларды қолымен ұстап, көзімен көріп, виртуалды шынайылық бойынша VR, lR көзілдіріктерімен өндірістегі қолданылатын озық технологиялардың процестерін көре алды. Белгіленген бағдарламалар бойынша шеберлік сағаттары, презентациялар, форсайт сессиялары, инновациялық сессияларына қатысты. Шарадан кейінгі бос уақыттарын әсем қаланың көрікті жерлерін аралаумен өткізіп, елге керемет көңіл-күймен оралды. Осындай республикалық деңгейде өткен шараға қатысуға мүмкіндік тудырған Атырау облысы білім беру басқармасына зор алғысымызды білдіреміз.
Айзада ЖАНГЕЛДИНА,
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры, Индер ауданы