ЕЛДІККЕ БАСТАҒАН МЕРЕКЕ

ЕЛДІККЕ БАСТАҒАН МЕРЕКЕ
(0 Votes)

Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадам жасалған Республика күні Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ұлттық мерекеге айналды. 

Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Бір сөзбен айтсақ, Декларация – еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат", - деді Президент.

Балалық шағымыздың аспанында небір жарқылы жалт ойнаған зымы- рандар көктей ұшып, даламыз сынақ алаңына айналған шақ еді. Қаруы жойқын Кеңес Одағын соғыспен талқандау мүмкін еместей көрінген. Әйтседе КСРО қырғи қабақ соғыста жанталаса қаруланумен желігіп жүріп, экономикалық дағдарысқа ұшырып тынды. «Қайта құрмаққа" ұмтылғанымен Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінен бастап, Одақтас елдерде отарлық үстемдікке қарсы толқулар көбейді. Дүрбелеңге толы сол шақта Қазақ елінің егемендігін қалпына келтіруге алғашқы тарихи қадам жасалып, декларация қабылданды. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Алғаш рет ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да эт- нос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді. Құжатта саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді өз бетінше шешу принципі де жарияланды.

ҚазКСР-і өзінің ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер ор- гандарын құру құқығын алды. Ал Президент мемлекет басшысы, әкімшілік-атқарушы жоғарғы биліктің басшысы болып танылды. Осы декларацияның арқасында кеңестік заңдарды қолданудан бас тартып, өз Ата заңымызды құруға қадам бастық. Осы қағидаттардың негізінде көп кешікпей 1991 жылғы 16 желтоқсанда – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.

Осылайша «ақырын жүріп, анық басқан» еліміз ешқандай дүрбелеңсіз тәуелсіздікке қол жеткізіп, ата-бабаларыз аңсаған азат елге айналдық.

Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT