Қазандағы референдум күллі қазақстандықтардың шетте қалмай, азаматтық дауысын беруі керек сын сағат. Себебі, ел болашағының мәселесі қаралғанда еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін бейжай қарамауы міндет. Сол жолда Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі студенттері мен ұстаздары арасында кездесу өткізілді.
Алғы сөзді алған колледж басшысы Марат Ибраев бұл референдумның маңыздылығын жете түсінуге шақырып, кіші демей, үлкен демей жұдырықтай жұмылып, бірі қалмай, бір адамдай дауыс беруге шақырды. Жалпы жиында референдум, АЭС туралы айтылып, ел ертеңіне қажетті мәліметтердің барлығы дерлік берілді. Ел болашағы жастардың қолында демекші, мемлекетімізге маңызды мәселе сарапқа салынған сәтте, ел ертеңі тыста қалмауы тиіс.
Ерназ Ахметкәрімов